National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Елбасы Бас прокурор Асхат Дауылбаевты қабылдады

2015 жылғы 04 наурыз

 

Кездесу барысында А.Дауылбаев Мемлекет басшысына құқық қорғау органдарының қызметі, сондай-ақ халықтың әлеуметтік әлсіз топтары мен кәсіпкерлерді қорғауды күшейту жөніндегі тапсырманың орындалу барысы туралы баяндады.

Елбасы президенттік сайлауға әзірлік пен оны өткізу кезеңінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударды.

Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қордан экономиканы қолдауға бөлінетін қаражаттың мақсатты пайдаланылуын қадағалауды одан әрі күшейтудің маңыздылығын атап көрсетті.

Мемлекет басшысы бизнес субьектілерін заңсыз тексерулердің саны 6 есе қысқарғанына тоқталды және кәсіпкерлер құқығының мүлтіксіз сақталуын бақылауды одан әрі қамтамасыз етуді тапсырды.

Сонымен қатар Қазақстан Президенті азаматтардың еңбек құқығын, әсіресе еңбекақы төлемдеріне қатысты құқықты қорғау қажеттігін айтты.

Бас прокурор республиканың барлық өңірінде сотқа дейінгі тергеудің Бірыңғай реестрі іске қосылып, жұмыс істеп жатқаны туралы баяндады. Онда қылмыстық құқық бұзу белгілері бар әрекеттер туралы арыздар мен хабарлар тіркеледі.

А.Дауылбаев сондай-ақ бюджетті толтыруға және пайдаланылмайтын жерлерді мемлекет меншігіне қайтаруға бағытталған шаралар туралы баяндап, қадағалау қызметінің өзге де өзекті мәселелері туралы айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің